Негізгі Жаңалықтар ЦИФРЛЫҚ МЕКТЕПТЕ ОҚУ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ МЕКТЕПТЕ ОҚУ БАСТАЛДЫ

Оралда бағдарламалау мен жасанды интеллектіні үйрететін Tomorrow School мектебінде оқу басталды. Орталық Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында орналасқан. Мұнда 15 жастан асқан кез келген адам цифрлық технологияларды тегін меңгере алады. Ең бастысы – бұл салада тәжірибенің немесе арнайы білімнің болуы шарт емес. Бағдарламалау негіздерін білмейтіндер де сынақтан өтіп, өз мүмкіндігін байқап көре алады.  


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар