БІЛІМ КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Бәйтерек ауданының Озерное ауылында Білім күніне орай жаңа мектеп пайдалануға берілді. 108 оқушыға арналған заманауи білім ордасының ашылуы ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық болды. Бұған дейін жергілікті балалар талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта білім алып келген. Енді 81 оқушы жаңа мектептің партасына жайғасып, жаңа оқу жылын жаңа нысанда бастауда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо