КЕҢСУАТ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Өңірдегі 8 ауылдың балалары жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алды. Шағын жинақты білім ордаларының жетеуі жер қойнауын пайдаланушы компанияның қолдауымен, енді бірі жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Ақжайық ауданындағы Кеңсуат негізгі орта мектебінің жаңа ғимаратын ашу рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, KPO b.v. компаниясы Бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо