АЙНАБҰЛАҚТА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Тасқала ауданының Айнабұлақ ауылында да жаңа мектеп пайдалануға берілді. 60 орындық білім ұясы заман талабына сай жабдықталып, соңғы үлгідегі оқу құралдарымен қамтылған. Нысанның ашылу рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев пен аудан әкімі Талғат Шакиров қатысып, ауылдағы ағайынды қуанышпен құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо