ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ
Жыл басынан бері өңірде 467 өрт тіркелсе, оның жартысынан астамы тұрғын үйлерде болған. Әсіресе жылыту маусымы қарсаңында қауіп күшейеді. Сондықтан құтқарушылар күздің алғашқы күндерінен-ақ алдын алу шараларын жандандырды. Үй-үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Пештер мен газ жабдықтарының жарамдылығын тексеріп, ақау анықталған жағдайда қауіпсіздік жұмыстары қолға алынады. Бұған қоса, улы газды дер кезінде анықтайтын арнайы құрылғылар орнатылуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо