ҚОС МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Жәнібек ауданында бірден екі мектеп ашылды. Бұл өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бағытындағы жұмыстың көрінісі. Қуанышты оқиғалар аудан орталығы мен Ұзынкөл ауылында орын алды. Халықты құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов арнайы барып, өңірде атқарылып жатқан маңызды жұмыстар жайын да баян етті. Атап өткен жөн, соңғы 3 жылда облыс бойынша 38 білім ұясы бой көтеріп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо