Негізгі Жаңалықтар СӘУЛЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

СӘУЛЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Қаратөбе ауданының Сәуле ауылында – қос қуаныш. Бүгін елді мекенде жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу ордасы ауыл балаларына заманауи талапқа сай білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ауылда мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңа су желісі іске қосылды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев нысандардың салтанатты ашылуына қатысып, бұл жобалардың ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу

Аймақтық телеарналар