БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Жыл басынан бері облыста 7 бала терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда өлім-жітім тіркелген жоқ. Дегенмен, бұл дерек қауіптің алдын алуға бейжай қарауға болмайтынын аңғартады. Осыған байланысты Теректі ауданында көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезені арнайы бұғаттайтын құрылғылар орнатылуда. Игі бастаманы төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп қолға алды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо