Негізгі Жаңалықтар ОРАЛДЫҚТАР ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ФАТИМАНЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

ОРАЛДЫҚТАР ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ФАТИМАНЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Оралдықтар қазақ қыздары арасынан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваны әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды. Жас спортшы Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем біріншілігінде 52 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл – ел спорты үшін тарихи нәтиже. Чемпионды қарсы алуға туған-туыстары, жаттықтырушылары, жанкүйерлер мен қала тұрғындары жиналды. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар