ҚҰСПАНКӨЛДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Ауыл балаларының қуанышында шек жоқ. Сырым ауданының Құспанкөл елді мекенінде жаңа мектептің есігі айқара ашылды. Бұған дейін ескі ғимаратта білім алған шәкірттер енді заманауи талапқа сай жабдықталған білім ордасында оқиды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай мен ауыл тұрғындары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо