Негізгі Жаңалықтар  ӨҢІРДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

 ӨҢІРДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Өңірде егін жинау науқаны қарқын алып, дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Диқандар астықты алқаптардың басым бөлігінен өнімді қамбаға құйып, ендігі кезекте көкөніс, бақша дақылдары мен мал азығын жинауға кірісті. Күзгі жиын-терім науқанының барысы мен алдағы міндеттер Теректі ауданының Подстепное ауылында өткен көшпелі кездесуде кеңінен талқыланды. Басқосуға Өңірлік коммуникациялар қызметінің, ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері және шаруа қожалықтарының басшылары қатысып, науқанның өзекті мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу

Аймақтық телеарналар