Негізгі Жаңалықтар ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ 3 БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ 3 БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

Орал қаласының Зачаганск кентінде орналасқан тұрғын үй пәтерлерінің бірінен өрт шығып, 3 баланың өміріне қауіп төнді. Сол сәтте оқиға орнынан табылған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Армат Абылғалиев жалынға оранған баспанаға кіріп, бүлдіршіндерді сыртқа алып шыққан. Өз өмірін қатерге тігіп, балаларды ажалдан арашалаған жас жігіттің батылдығы нағыз ерліктің үлгісі. Оның дер кезінде жасаған әрекеті бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо


Бөлісу

Аймақтық телеарналар