Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Соның жарқын көрінісі – Орал қаласындағы күрделі жөндеуден өткен темір жол вокзалының пайдалануға берілуі. Жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуге бағытталған нысан заманауи талапқа сай толық жаңғыртылып, тарихи келбеті сақтала отырып жаңа тыныс алды. Инженерлік желілер түгел жаңартылып, күту залдары кеңейтілді. Цифрлық ақпараттық жүйелер орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта жасалды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо