Орал қаласында «Қосшығұлов. Шоколад фабрикасы» атты көркем фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Картина көпес Қосшығұловтың кондитерлік фабрикасының тарихына негізделген. Түсірілім алаңы ретінде Ақжайық өңірінің таңдалуы тегін емес. Көне келбетін сақтаған Орал шаһарының тарихи сәулеті, XIX ғасырдың соңындағы дәуірдің тынысын дәл жеткізетін ғимараттар мен Бөкей ордасы ауданындағы шежіреге толы мол мұра киногерлердің ерекше қызығушылығын тудырған. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо