Өңірде өндіріс пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы ынтымақтастықты талқылау үшін Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы Марат Елібаев жұмыс сапарымен облысқа келді. Кездесуде жаңа өндірістерді іске қосу, экспорттық әлеуетті арттыру және өңір экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо