Білім мен технологияны ұштастырған жас өнертапқыштар халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етті. Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев халықаралық FIRST LEGO League Korea Open Invitational 2026 чемпионатында тарихи жетістікке жеткен Оқушылар сарайының Toro Doro команда мүшелерімен кездесті. Аймақ басшысы жас дарындарды айтулы жарыстағы жеңісімен құттықтап, олардың жетістігі – өңірдегі білім беру жүйесі мен техникалық шығармашылықты дамытуға бағытталған жұмыстардың нақты нәтижесі екенін атап өтті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо