«AGROFEST-2026» – ауыл шаруашылығының бүгінгі келбетін жаңа қырынан танытатын ерекше алаң. Мұнда саладағы озық технология, ғылым, бизнес, білім беру және отбасылық демалыс өзара үйлесім тапқан. Бүгін Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында дәстүрлі фестиваль бастау алды. Маңызды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо