Бірге ойнап-өскен, бір мектепте білім алған, талай жыл бір-біріне сүйеніш болған достар бүгінде Отан алдындағы борышын да бірге өтеп жүр. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде төрт сыныптас пен алты группалас бір сапта тұр. Бала шақтан басталған достық бүгінде әскери өмірде жалғасып, сарбаздарға ерекше қолдау болып отыр. Олардың барлығы да көктемгі шақырылым кезінде Ақтөбе облысынан әскер қатарына алынған. Әскери өмірдің алғашқы сынақтарын бірге өткеріп жатқан жас сарбаздардың көңіл-күйі көтеріңкі. 




#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #жұманыңжарқынсюжеті