«Бас кітапхана – ортақ мұра, ортақ тарих». Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 155 жылдығына арналған тағылымды жоба жалғасып жатыр. Мақсат – өңір кітапханаларын ортақ рухани кеңістікке біріктіріп, тәжірибе алмасуды арттыру, кітап оқу мәдениетін дәріптеу. Мерейтойлық эстафетаны бұл жолы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қабылдап, жергілікті қаламгерлердің қатысуымен мазмұнды әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо