«Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы» бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда орналасқан автокөлік көпірінде жөндеу жұмыстары басталды. Биыл сәуір айында нысанның жаяу жүргіншілерге арналған бір бөлігі опырылып, қауіпсіздікті сақтау мақсатында учаске қоршауға алынған еді. Қазір көлік қозғалысы шектелген тәртіппен ұйымдастырылуда.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо