Тасқала ауданындағы Жігер елді мекеніне көгілдір отын жетті. Бұл – шалғайдағы елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Табиғи газдың іске қосылуы ауыл халқын көмір мен отын қамдау машақатынан арылтып қана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымның жаңаруына тың серпін береді.   


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо