Желаев тас жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – облыс орталығындағы ең қарқынды көлік бағыттарының бірі. Күн сайын осы жолмен элеваторға қатынайтын ауыр жүк көліктері мен мұнай-газ кәсіпорындарының арнайы техникалары өтеді. Сондықтан жолдың сапасын жақсарту – көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған маңызды жұмыс.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо