Жаз мезгілінде субұрқақтар шаһардың сәнін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың тынығуына қолайлы жағдай жасайды. Әсіресе аптап ыстық күндері жұртшылық саябақтар мен алаңдардағы субұрқақтардың маңын сағалайды. Орал қаласында бүгінде 14 аумақта орналасқан 31 субұрқақ бар. Соның 30-ы тұрақты жұмыс істеп тұр. Ал бір нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо