Халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамбліне – 15 жыл. Атаулы датаға орай Қазталов аудандық мәдениет үйінде «Әжелердің сара жолы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, дәстүрдің діңгегін дәріптеген кешке ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.