Облыста ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Соның нәтижесінде соңғы жылдары нәресте өлімінің көрсеткіші төмендеп, оң динамика қалыптасты. Бұған перинаталдық көмектің сапасын арттыру мен медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету оң әсерін тигізіп отыр. Дегенмен, маман тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Осы және өзге де жайттар көпбейінді қалалық ауруханада өткен облыстық семинарда жан-жақты талқыланды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо