Өңірде энергияны үнемдеу мәселесі жіті бақылауға алынды. Жүргізілген сараптама кезінде әрбір екінші мемлекеттік мекеме белгіленген энергия тұтыну нормативін сақтамайтыны анықталған. Соның салдарынан бюджет шығыны артып, коммуналдық қызметтерге берешек көлемі де көбейген. Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне осы мәселені шешу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо