Қалдықтарды тиімді басқару – қоршаған ортаны қорғаудың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және елді мекендердің тазалығын сақтаудың маңызды бағыты. Облыс әкімдігінде аталған тақырыпқа арналған кеңес отырысы өтті. Оның барысында қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын дамыту, заңсыз қоқыс орындарын жою, полигондардың экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо