Оралда ұлттық спорттың мерейін үстем еткен MADIAR CUP-2026 халықаралық ашық турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен және көршілес мемлекеттерден келген жүйріктер қатысып, көрермендерге тартысты бәйге сыйлады. Салтанатты шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов, Батыс Қазақстан облыстық Бәйге федерациясының президенті Мұратбек Мұхамбедиев және жарыстың бас демеушісі Мадияр Құрманғалиев қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо