Адалдық пен ашықтық – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты. Тасқала ауданында өткен кездесуде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің басты бағыттары талқыланды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы айтылып, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі сараланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо