Жаздың ыстығы басталысымен өзен жағалаулары қайтадан халықтың сүйікті демалыс орнына айналды. Шомылу маусымының ресми ашылуы тұрғындардың табиғат аясында тынығып, су жағасында сергіп қайтуына мүмкіндік бергенімен, дәл осы кезең қауіп-қатердің де күшейетін шағы саналады. Әсіресе үлкендердің қарауынсыз су жағасына баратын балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі мамандарды алаңдатып отыр. Осыған байланысты облыс аумағындағы су айдындарында құтқарушылар мен тәртіп сақшыларының қатысуымен күн сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо