Оралдағы Достық үйінде отбасы тәрбиесіне бағытталған маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы дөңгелек үстелде «Қоғам мәдениеті мен отбасы құндылықтарын нығайтудағы әйелдердің рөлі» тақырыбы кеңінен сөз болды. Іс-шарада өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо