Жасанды интеллект – бүгінгі күннің технологиясы ғана емес, болашақтың басты қозғаушы күшіне айналып келеді. Осы бағыттағы кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында Орал қаласында Жасанды интеллект орталығы ашылды. Енді мектеп оқушылары мен студенттер цифрлық технологиялар саласындағы заманауи білімді тегін меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдіре алады. Болашақ IT мамандарын даярлауға бағытталған жобаны Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен IT Group Kazakhstan компаниясы бірлесіп жүзеге асырып отыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо