Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде көптен күткен Мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Жаңа нысан тұрғындардың рухани өмірін байытып, жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға жол ашады. Мәдениет ошағы жеке инвестордың қаржысы есебінен салынған. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Байменов қатысып, кент тұрғындарын құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо