БҚО прокуратурасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң талаптарының сақталуына тұрақты түрде қадағалау жүргізеді. Бақылау барысында есептілік деректерін бұрмалау, жалған жұмысқа орналастыру, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу деректері ерекше назарға алынған. Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы төрағалық еткен алқа отырысына облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов және халықты жұмыспен қамтуға жауапты мекеме басшылары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо