ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Қызмет алушы күні» акциясын өткізді. Орал қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы базасында ұйымдастырылған бұл іс-шараға кәсіпкерлік және салық мәселелері бойынша тиісті органдар мен ұйымдардың жауапты мамандары қатысып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо