Өңірде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 10 жоба іске асырылуда. Олар электр, жылу, сумен жабдықтау және су бұру салаларын қамтиды. Ұлттық жоба республика бойынша үш жылға жалғасып, коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40 пайызға дейін төмендетуге және апат қаупін 20 пайызға азайтуға бағытталған. Бүгін кеңсе өкілдері облыс орталығында жаңғырту жұмыстары басталған нысандарға баспасөз турын ұйымдастырды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо