Теректі ауданындағы Достық үйіне – 15 жыл. Атаулы датаға орай «Достық үйі – татулықтың тұғыры» атты мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық, аудандық этномәдени бірлестік жетекшілері қатысты. Қатысушылар алдымен аудан тарихынан сыр шертетін мұражайдың жұмысымен танысты. Кейін «Бірлік диалогы-бірлік пен келісім алаңы» атты облыстық конференция өткізіліп, Достық аллеясына көшеттер отырғызылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо