Мемлекет басшысы биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, барлық салаға инновациялық технологияларды енгізу міндетін қойды. Өңірдегі жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні дамыту – басымдыққа ие. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен WestKZ Digital Future атты студенттік форум өтуде. Ұйымдастырушылар ай сайын өңірдегі білім ордаларын аралап, жастардың ІТ жобаларымен танысады. Үздік идеяларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо