Бүгін Оралда республикалық дрон сайысы басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен БҚО білім басқармасы және Aspandrone қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа еліміздің әр өңірінен 9 командада 92 қатысушы үш күн бойы баптары мен бақтарын сынға салатын болады. Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығын және заманауи құралдардың тілін терең меңгеруге арналған іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, айтулы сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо