AMANAT партиясының TURǴYNDAR AMANATY партиялық жобасы аясында Орал қаласында «Үйді басқару: Жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты өңірлік форум-семинары өтті. Онда көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздікті күшейту, тұрғындармен кері байланысты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Форумның жұмысына AMANAT партиясының аппарат басшысы Мәди Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Екатерина Смышляева, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо