27-29 сәуір аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Батысқазақстандық тәртіп сақшылары екі күн ішінде 19 қылмысты анықтап, тыйым салынған затты алып жүрген 21 адамды құрықтаған.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо