Оралда шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Іс-шара Бөкей ордасының құрылғанына 225 жыл толуына орайластырылған. Спорт бәсекесіне облыс орталығы мен аудандардан еңбек ардагерлері қатысты. Олар өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін сынау үшін ғана емес, өткен жылдарды еске түсіріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісу үшін бас қосты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо