Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры «ҚАДЫР-АДАМ» драма-реквиемін қалың көрерменге ұсынды. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған қойылым «Зенит» мәдениет үйінде сахналанды.