10 қараша – Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні. Осыған орай БҚО Полиция департаменті «Алтын орда» мәдениет үйінде тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Оның аясында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, жеке құрам өздері дайындаған концертін ұсынды.