Бөрлі ауданының Пугачев ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ордасы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ұстаздар мен оқушылар, ауыл тұрғындары қатысты.