Ұрпақ тәрбиесі мен бала қауіпсіздігі – қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Орал қаласындағы №7 ЖОББМде ата-аналармен кездесу өтті. Басқосуда бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.