Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздің алдында тұрған негізгі экологиялық және әлеуметтік міндеттердің бірі ретінде су ресурстарын ұтымды пайдалану және оны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл бағытта елімізде жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Қоғамда табиғи ресурстарды тұтыну мәдениеті төмен, ал суды пайдалануда үнем мен жауапкершілік қағидаттары кеңінен таралмаған. Біз осы мәселеге қатысты қала тұрғындарының пікірін сұрап білдік. Оралдықтар суды үнемдеу ортақ жауапкершілік және болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалатын маңызды қадам екенін айтады.