Бәйтерек ауданы инвестиция тарту бойынша өңірде алдыңғы қатарда тұр. Бұл аудан тұрғындарының әл-ауқатының артып, тұрмыс деңгейінің жақсаруына оң ықпал етіп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.