Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында белгілі ақын, жазушы Мұнайдар Балмолданың жаңа кітабы жұртшылыққа таныстырылды. Рухани жүздесуге зиялы қауым өкілдері мен шығармашылыққа жаны құштар жас буын қатысты.