Орал қаласындағы №52 мектепте жас сақшылар сыныбы ашылды. Оған қызмет бабында қаза тапқан Байжан Қазиевтің есімі берілді. Жасақтың құрамына 24 өрен қабылданып, оқу ошағындағы тәртіп мен тыныштықты сақтауға ант берді. Салтанатты жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері мен ардагерлері, мектеп ұжымы мен оқушылар, батырдың туыстары қатысты.